(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16
наурыздағы № 213 бұйрығы

( 2004.29.12 берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 27 ақпандағы  енгізілген  өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 13 наурыздағы № 317 қаулысына сәйкес "Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру" мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.

2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті /С.Ырсалиев/ осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

Министр

 

 

 

 

 

 

Ж. Күлекеев

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2004 жылғы 16 наурыздағы

№ 213 бұйрығымен

бекітілген

Ұлттық бірыңғай тестілеуді

ұйымдастыру және өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже жалпы орта мектеп бітірушілерге бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінің тәртібін белгілейді.

2. Ереже меншік нысанына және ведомствалық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарына таратылады.

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) жалпы орта білім беру ұйымдары түлектерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен жоғары және (бұдан әрі - ЖОО), кәсіптік орта (бұдан әрі - колледждер), оқу орындарына қабылдау емтихандарын бірге өткізуді көздейді. ҰБТ-ның нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қорытынды аттестаттау ретінде, ал ЖОО мен колледждер қабылдау емтихандарының нәтижелері ретінде таниды.

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу

жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.